Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасы аясында салт-дәстүрге бағытталған «Ұлылығымызды дәріптеу-жаңғырудың алғы шарты» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның шәкірттерінің қатысуымен өтті.
Тағылымы мол отырыс «Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым» тақырыбында кіріспе сөзбен ашылып,мәліметтерге тоқталудан бастау алды. Кешті оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Қ.Асхатаева жүргізіп, кеш қонақтарын таныстырды. Дөңгелек үстелге «Халық өнері-асыл мұра» қолөнер шеберлер клубының мүшелері А.Сейтхан,Ә.Ақмолдаева Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның психологы Д.Шагалиева қатысты. Отырыстың негізгі бөлімі «Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі» деп аталып, А.Сейілханның, Ә.Ақмолдаеваның туындылары ұсынылды. Бүгінгі күні ұлттық құндылығымызды дәріптеп отырған қолөнер шеберіміздің туындылары табыс көзіне айналып отырғаны тілге тиек болды.
Дөңгелек үстел отырысында қатысушылар қолөнер шеберінің еңбек жолдарын өз ауздарынан тындай отырып, онымен бірге жұмыстың қыр-сыры жайлы түсініктерін кеңейтіп,сұрақ қою арқылы, өздерінің ойларын айтып, бұйымдардың жасалу әдістерін ойларына түйіп, жасап үйренуге құштарлықтарын білдірді. Отырысқа «Ұрпаққа үлгі қолөнер», «Қолөнер-мол өнер» атты ашық қарауларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ж.Жарылқасын библиографиялық шолу жасап, «Өнерлер тоғысы» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды. «Қолөнер-мол өнер» атты ашық қарауға қол өнер шеберлерінің туындылары бисер,ағаш, тоқыма,ою-өрнекпен безендірілген бұйымдары қойылды. Отырысты Б.Момышұлы мектеп-гимназиясының психологы Д.Шагалиева қорытындылады.
Нәтижесінде кеш қонақтары ұлттық нақыштағы ағаштан жасалған, моншақтар, шашқа тағатын әшекейлер,ою-өрнек салынған көптеген жиһаз бұйымдарды жасау идеясын ұсынып, жүзеге асыруға үндеу қосты. Сондай-ақ, қолөнер шеберлерінің туындылары жайлы ақпараттар берілді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/169-lyly-ymyzdy-d-ripteu-zha-yrudy-al-y-sharty.html#sigFreeIded6bfa24ad