Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында салт- дәстүрге бағытталған «Дәстүр жаршысы» тақырыбында сұхбат кеші Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 8 сынып оқушыларының арасында өтті.
Сұхбат кешінің қонағы «Айналайын» Балалар мен жасөспірімдер орталығы «жастар клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Разақова Айгүл Әшімқызы мен Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстазы Дамбаева Жанар Жандоллақызы қатысты.
Салт-дәстүрге бағытталған кеште «Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі» тақырыбында мәліметтер беріліп, «Ою-өрнек – өрелі өнер» тақырыбында кеш қонағы қолөнер бұйымыннан 5 түрлі суретті таныстырып, қызы Мөлдір мен немересі бейнеленген суретте қолдан тоқылған жемпірлерді жарнамалап тұрғаны көрсетілген және бұл жемпірді тоқу үшін 15000 тенге жұмсалып, 3 есе қаражат түскені айтылды. Бұндай тауарларды шетелге жөнелткені де тілге тиек болды. Сондай-ақ, Мөлдір Қазақстан рекордтар кітабына би өнерімен енгені хабарланды. Айгүлдің қарамағында жұмыс жасайтын қыздардың жұмыстары «Төрткөл» керуен сарайында қолөнер шеберлерінің туындылары шығарып сатылғаны айтылып өтті. «Айналайын» қоғамдық бірлестігінде кезінде Ю.Гагарин мектебінің шәкірттері бірлесіп жұмыс жасап, «Бибігүл» атты қуыршақ жасап мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға таратқаны сөз болып, сол мектеп сияқты Бауыржан мектебімен бірлесіп қоянқолтық жұмыс жасауға балаларға үндеу тастап, «Айналайынға» шақырды. Сұхбат кешті кеш қонағы қорытындылай келе аталмыш мектептің сынып жетекшісі мен балаларға тапсырма беріп, келесі іс-шарада жолығып нәтижесін тыңдауға жиналатынымызды ескертті. Кеш соңына «Қолөнер-сырлы өнер» ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ж.Жарылқасын библиографиялық шолу жасап, таныстырды және «Қазақ халқының қол өнері» атты слайд, «Қолөнер –мол өнер» қолөнер бұйымдарының ашық қарауы көпшілік назарына ұсынылды. Нәтижесінде: жастар тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз еместігін түсініп,қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан - жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеп, жастардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, ынтасын, құштарлығын арттырып, қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізе білдік. Ою - өрнекке мән беруге үйрену арқылы астарлы ойлау қабілеттерін қалыптастырып,қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяқтауға жаттығамыз және еңбек етуге үйренетіндері айтылды.