Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Ақын Фариза Оңғарсыноваға 80 жыл толуына орай «Мен құштар әлем» поэзия кеші

Биыл қазақ поэзиясының падишасы, мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, қазақтың ақын қызы - Фариза Оңғарсынованың туғанына - 80 жыл. Осы орайда  «Мен құштар әлем»  поэзия  кеші Юрий Гагарин атындағы мектеп лицейінің 9 «Б» сынып оқушыларының арасында өтті.

Мақсаты:Көрнекті ақын Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Өлеңдерді мәнерлеп оқу, шығармашылығын насихаттай отырып, жастардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру.

Кеш қонақтары Юрий Гагарин атындағы мектеп – лицейінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сатылганова Дана Еркебайқызы мен мектеп тәлімгері Сабделиева Динара Ойықбайқызы. Жырдан шашу шашқан поэзия кеші үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде ақынның өмірдерегі мен шығармаларына толық ақпараттар  берілді. Екінші кезеңде  ақын өлең жырларын оқыса, келесі кезеңде Фариза Оңғарсыноваға арнап  жазылған арнаулар оқылды. Ақынның бейнесі көзден кетседе оның жазған әрбір шығармасы тарих беттерінен өшпек емес. Себебі, аталмыш шараға қатысқан жастардың    ақын өлеңдерін  сүйіспеншілік пен  нақышына келтіре мәнерлеп оқыды, атап айтсақ,  Әлімбек Маржан, Ерлан Шапағат, Мырзахмет Нұрай, Башигулова Фатима, Байшахан Анель, Құлбатырова Нұрила, Сейітқан Айсұлу  ақынға арналған арнауларды Мәди Бекжан,  Асанова Ақтолқындарды ерекше атап өтсек,  сонымен қоса кітапханашы   Жарылқасын Жұлдызай «Өзіңді ойлап езіліп ем», Шайдана ауылдық кітапхананың кітапханашысы Г. Байболова ақынның «Шаңырақ» атты шығармасын тарту етті.

          Кеш барысында «Поэзия падишасы»  ашық қарау, «Жыр жұлдызы-Фариза» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.

.