Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Құқық бұзушылыққа «төзбеуді»өзімізден бастайық» кеңес беру кеші

Құқықбұзушылықпен күрес барысында «Құқық бұзушылыққа «төзбеуді» өзімізден бастайық» тақырыбында кеңес беру кеші Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің шәкірттерінің қатысуымен  өтті.      

                  

Мақсаты: Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу, Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Іс-шараға  Төлеген Тоқтаров мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Оспанкулов Айдын Қайырболатұлы,№1 орта мектебінің психологы Мауленова Ақмарал Ғабиденқызы, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Жаппасова Мереке Ерболатқызы қатысты.               

Кештің негізгі бөлімінде «Мен заңды қаншалықты білемін?» сұрақтар қойылып, жастардың пікірлері тыңдалып, сұрақтарға кеш қонақтарының ойлары ортаға салынып отырды.  Арнайы ұйымдастырылған кеште  «Жасөспірім және заң» тақырыбында сауалнама сұрақтарына жауаптар айтылып,  қонақтар тарапынан кеңестер берілді.. Отырыс әрмен қарай тақырыпқа сай мақал-мәтел айтумен жалғасын тауып, жастардың құлшына атсалысқандар Тоқтасын Әсемай,Тұраров Әлшер, Шеріпбаева Сымбат, Тасжүрекова Маржан, Ботабаева Нұрлы, Қасымбекова Аянат атты белсенді  жауап беріп отырды. Кеш барысында «Құқық бұзушылық және жасөспірім» ашық қарау «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында  слайд  көпшілік назарына  ұсынылды. Кеңес кешін Бала құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі,өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз екені айтылып, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік-деп кеш қонақтары жылы лебіздерімен кешті              қорытындылады.

.