Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Сырласу» қыз-келіншектер клубының «Жандауа» жүздесу кеші

Аудандық орталық кітапханада,  оқу залы жанынан ашылған «Сырласу» қыз- келіншектер клубының бүгінгі тақырыбы «Жандауа» жүздесу кеші жас қыз- келіншектер арасында өтті.

Іс-шараны клуб жетекшісі Н.Манабаева жүргізіп, жүздесу кешіне келген қонақтармен таныстырды. Кеш қонақтары: Жамбыл аудандық психологиялық- педагогикалық түзету кабинетінің спорт комплексінің маманы  Жүсіпова Нүрзипа,  Жамбыл аудандық емхананың массаж мейірбикесі Бибазарова Перизат Жамашқызы. Кеш барысында кітапханашы Ж.Жарылқасын массаждың шығу тарихымен таныстырса, кеш  қонақтар осы сылап- сипаудың түрлерін, қалай жасалу керектігін және пайдасы туралы кеңінен мәліметтер берді. Клуб мүшелері өз ойларында жүрген сұрақтарын қоя отырып, кеңестер алып, мамандар массаждың қалай жасалу жолдарымен өз тәжірбиелерімен бөлісті.

        Сонымен қатар бүгінгі шараға арнайы ұйымдастырылған «Адамның салауатты өмірі және  денсаулығы» атты ашық қарау, «Салауатты өмір салты»  слайд көпшілік назарына ұсынылды.