2019 жылдың 2 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы,
Жамбыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Жамбыл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бүгінгі қоғам кітапханасының жұмысын трансформациялау (өзгерту): жаңа пішіндер мен ұғымдар» облыстық форсайт сессия мамандарды жаңа жұмыс түрлерімен таныстыру, әлемдік кітапхана ісі тәжірибесін сараптау, талдап қорыту, кітапхана қызметінің тиімділігін сараптау дағдыларын дамыту арқылы қызметтің жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын кітапханашылар арасында кеңінен дәріптеу, оларды енгізуге септігін тигізу, мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен олардың жаңашылдық белсенділігін жоғарлату мақсатында өтті.
Іс-шараға облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар директорлары, әдістемелік және қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушілері, кітапхана мамандары және балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін бөлім қызметкерлері қатысты.
Форсайт сессияны Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Байдалиев Асқар Маратұлы ашты. Құттықтау сөзбен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарманың мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Құттыбаева Жадра Нұржанқызы, А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Динасилова Шәрбану Әлмаханбетқызы сөйледі.
«Цифрлы Қазақстан кітапханалар үшін – кітапхана қызметін автоматтандыру» - кітапханалық краудсорсинг (crowdsourcing: crowd – «қауым», sourcing – «ресурстарды іздестіру» тренингі) тақырыбында модератор Абдинова Эльмира Елеусізқызы-Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры жүргізді.
«Цифрлы Қазақстан кітапханалар үшін – кітапхана қызметін автоматтандыру» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құжаттарды жинақтау, өндеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Капарова Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының WEB-RABIS қызметімен таныстырды.
«Жаңа ақпараттық электронды ортада балалар кітапханасының орны мен атқаратын қызметін модельдеу жүйесі» Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, «Болашақты... құрамыз: кітапханадағы заманауи технологиялық сервистер» Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
«Кітапхана қызметіндегі мобильді технологияларды және басқа да ақпараттық құралдарды қолдану» Айшабибі ауылдық кітапханасы жанынандағы ЦАО жұмысымен танысты.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Басқару және білім сапасы» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, асс/профессор, орта білім мазмұнын жаңарту бойынша тренер Тойганбекова Шынар Малимбайқызы психологиялық ойындарды өткізді.
Семинар-тренингке А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, аудан, ауыл және мектеп кітапханашылары қатысты.
«СӘТ: САУАТТЫ, ӘСЕМПАЗ, ТАЛАПТЫ» - Үздік кітапханалық үгіттеуші квилт жәрмеңкесіне: Меркі аудандық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі, Байзақ аудандық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі, Қордай аудандық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі, Жуалы аудандық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі, Мойынқұм аудандық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі, Талас аудандық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйелері қатысты.
Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Тарихы терең, келешегі кемел Жамбылым» атты кітап шеруі өтті.