Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» әңгіме – диалог

Әңгіме-диалогтың қонақтары: Жамбыл ауданының құрметті азаматы, ардагерлер кеңесінің мүшесі Ережепбаев Сайлаубек, әкім апаратының бас маман заңгер Исабеков Асан Есенгелдіұлы, «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі Көпбергенов Төленді қатысты.

 

Кештің негізгі бөлімі «Сыбайлас жемқорлық» -деген не? тақырыбында мағлұмат беріліп, кеш қонақтары  Сайлаубек ағай жастар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге шақырса, Асан Есенгелдіұлы сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидаларына тоқталып, осындай жайттарға тосқауыл болуын айтып, келесі жылы  осы бағытта заңға өзгерістер енетінін хабардар етті. Кешті Төленді Жексенбайұлы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас  жемқорлық екені және   қарсы тұру жолдарын, заңдарын түсіндіре отыра ақындарымыздың қанатты сөздерімен ой тастай отыра, жастарды сөзге тартып,пікірлері мен ойларын ашып айтты. Әңгіме-диалог «Сыбайластық қоғам дерті» тақырыбында  викториналық сұрақтармен жалғасын тауып, жастар белсенділік танытып, құлшына жауап қатып отырды. Шара жүргізуші  қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерге тоқталып өтсе, кешті С.Ережепбаев қорытындылау сөзбен  түйіндеді. Кешке арнайы ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлық індет – оны жою міндет»  атты ашық қарауға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ж.Жарылқасын шолу жасап таныстырды. Сондай-ақ, «Еліміздің дамуына кедергі келтіретін кесел» тақырыбында  слайд көпшілік назарына ұсынылды.