Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Спорт туралы кітаптарды насихаттау барысында «Спорт – денсаулық кепілі» логикалық ойыны Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 7 «А» сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Кешті оқу залының кітапханашысы А. Мамашариева «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында кіріспе сөзбен кешті ашты. Жастарға спорт туралы көптеген мағлұматтар беріп, Қазақстанның атақты спорт майталмандарын таныстырып, спорттың денсаулыққа пайдалы екенін айтып өтті. Іс-шара барысында қызықты логикалық ойындармен, мақал – мәтелдер және жұмбақтарды жасыра отырып, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық ойындары сан алуан екендігіне тоқталып, міне осы ойындар ұрпақтан – ұрпаққа тарап, бірін –бірі жалғастырып біздің заманымызға жеткендігі туралы, осы ұлттық ойындардың ішінде сақина салу ойыны ойнатылып, оқушылар белсене қатысып, жеңіліс тапқандар өз өнерлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында «Спорт - біздің досымыз» ашық қарау, «Шынықсан шымыр боласың» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Кеш барысында спорт туралы мәліметтер беріліп, Ерғали Мухиддиновтың «Қазақ күресі», Александр Винокуровтың «Менің алтын мансабым» атты кітаптары таныстырылып, сонымен қатар QR- код электронды кітаптарымыз оқырмандарға насихатталды. Сынып жетекшісі Шыныбаева Индира оқушыларына «Бірінші байлық – денсаулық адамның ең қымбат дүниесі» сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек -деп қортындылады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/180-sport-densauly-kepili-logikaly-ojyn.html#sigFreeId86083feb26