Аудандық кітапхана мен ауылдық ардагерлер кеңесі бірлесіп, діни экстремизге қарсы күрес барысында «Терроризм-адамзаттың қасіреті» тақырбында Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің шәкірттерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстел отырысын қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ж.Жарылқасын жүргізіп, кіріспе сөзбен ашып кеш қонақтарын таныстырды.
Кешке аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, тарихшы, кітапхананың тұрақты зейнеткер оқырманы Сапарбеков Алтынхан Мәдібекұлы және Жамбыл аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» кмм-нің теолог-кеңесшісі Құрманбеков Еркебұлан Есенғалиұлы, сонымен қатар Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Рахметова Кенжекүл Әбдіхалыққызы қатысты. Іс-шараның негізгі бөлімінде «Экстремизм мен терроризмнің тарихы» атты баяндама тыңдалды. Терроризм жайлы ой қозғалып, кешке қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, келген қонақтарға сұрақтар қойылып, кеш қонағы Алтынхан атамыз Дін туралы айтып, жастарымызға біраз ой салды, сонымен қатар Еркебұлан жастарымызға терроризм жайлы біраз мағлұматтар беріп, оның алдын алу керектігін және де осы мәселелер жайында жұмыс жасайтындарын айтып өтсе, Рахметова Кенжекүл террористік адамдарды сырт келбетіне қарап қалай ажыратуға болатынын және олар қандай діндерді ұстанатындары жайлы біраз әңгіме қозғады. Қатысушылар тарапынан қонақтарымызға қойылған сұрақтардан тұшымды жауаптар алынды.
Шара соңында ақсақал А.Сапарбеков кешті қорытындылады. Кешке арнайы ұйымдастырылған «Дін тазасын ой табар» атты ашық қарауды оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева таныстырды. Сондай –ақ «Діни экстремизм-ақиқат діннің жауы» слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/181-terrorizm-adamzatty-asireti-d-gelek-stel.html#sigFreeId72fab50052