Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

        «Сырласу» қыз-келіншектер клубының «Боз бала мен бойжеткен»  тақырыбында сырласу кеші  жастардың қатысуымен өтті.

Мақсаты: Қазақ  қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, ұлдардың өжеттілік, намысшылдық,  азаматтық, отансүйгіштік, патриоттық сезімін ұялату.

     

      Іс- шараны оқу залының кітапханашысы, клуб жетекшісі Нурипа Манабаева жүргізіп, қонақтармен таныстырды.  Клуб мүшесі Батырбаева Ақжарқын мен оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушісі Асхатаева Құралай қазір отбасында қыз бала тәрбиесі қандай? –деген сұрақ бойынша ойларын ортаға салып, қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын қалай суреттегені жайлы сөз қозғалып, мысалдар  келтіріп  жас қыздарымызды қазахи тәрбиеге шақырды.

Іс- шара барысында қатысушы  бойжеткендер мен боз балаларға өз сырларын ашық білдіру үшін  сұрақтар қойылып, қазақ халқы жұмбақтап, астарлап сөйлеп, айтар ойын тұспалдап жеткізе білгені туралы жұмбақтар  слайд арқылы жасырылып, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет екені туралы  нақты жауаптарын айтып, белсенділік танытты. 

 Сонымен бірге оқу залындағы мерзімді басылымдар мен  «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты слайд  көпшілік назарына ұсынылды.