Аудандық орталық кітапхана мен ауылдық ардагерлер кеңесі бірлесіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Аталы сөз асыл қазына» тақырыбында өнеге кеші №1 орта мектебінің 8 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Мақсаты: Болашақ ұрпақты аталы сөздерге құлақ асып жүруге тәрбиелеу. Бабаларымыздың айтып кеткен сөздерінің мағыналарын ашып түсіндіру. Оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дарыту, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке, имандылыққа, әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту, мағлұмат арқылы рухани байлығын, ұшқырлығы мен ойлау қабілеті дамыту, халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру.
Өнеге кешін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Қ.Асхатаева жүргізіп, кіріспе сөзбен ашып, «Сөз қадірі» тақырыбында ақпарат беріп кеш қонақтарын таныстырды.
Кешке аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Күзербаев Сәрсен, Ережепбаев Сайлаубек, №1 орта мектебінің математика пәнінің ұстазы Құрапбергенова Ақмоншақ Әділханқызы қатысты. Іс-шараның негізгі бөлім «Асыл сөзі шешендік» тақырыбында мағлұматтар беріліп, «Бабадан қалған асыл сөз» даналық сөздер айтылып, мағыналары түсіндірілді.
Шара барысында кеш қонақтары ақсақалдарымыз жастарға ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздерін айтып, қарияларымыз қазақ халқының ата – баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім ғана емес, ол сонымен бірге ұлттық психологиялық салтқа, халқымыздың ерекшелігіне айналған болмысымыз деп жастардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, ілтипаттық, кішіпейілділік, адалдық сияқты қасиеттерін оятып, имандылыққа шақырды. Шара соңында батагөй ақсақалдар жастарға баталарын беріп кешті қорытындылады. Кешке арнайы ұйымдастырылған «Көнеден жеткен өсиет» атты ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ж.Жарылқасын таныстырды. Сондай-ақ, кеште «Атаның сөзі-Ақылдың көзі» слайд көпшілік назарына ұсынылды. Нәтижесінде:Ұлтымыздың бірегей де ұлы тұлғаларының даналық ойлары,қанатты сөздері, елдігіміздің, бірлігіміздің, рухани болмысымыздың ерекше бір көрінісі, теңеусіз бай қазынасы екенін түсініп, кеш қонақтарының айтқан сөздеріне зер салып тыңдап, бабаларымыздың айтып кеткен сөздердің мағыналарын түсініп, ақсақалдардан бата алды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/183-elbasyny-bolasha-a-ba-dar-rukhani-zha-yru-ma-alasy-ayasynda-ataly-s-z-asyl-azyna-nege-keshi.html#sigFreeIdd41904b755