Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

1 –желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Егемен елдің Елбасы» өнеге кеші

Аудандық орталық кітапхана, «Нұр Отан» партиясы, «Жастар ресурстық орталығы» мекемелері бірлесіп, 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Егемен елдің Елбасы» тақырыбында өнеге кешін ауыл жастары мен Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары арасында өтті.

 

Кеш қонақтарытарихшы, кітапхананың зейнеткер оқырманы, Аса ауылының ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сапарбеков Алтынхан Мәдібекұлы,  «Нұр Отан» партиясының консультанты Көпбергенов Төленді «Жастар ресурстық орталығының» директорының орынбасары Жандар Тоқсаба қатысты. Шара барысында оқырмандарға Қ.Асхатаева Елбасының өмірбаянымен ерен еңбектерін таныстырса, кітапханашы Ж.Жарылқасын  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тақаевтың өмірдерегіне тоқталып өтті.

 

Іс- шара барысында қонақтарға сөз беріліп, Елбасының өнегелік жолдары мен қоса өздерінің де атқарған еңбектері жайлы айтып өтсе, Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 9 «Б» сынып оқушысы Анель Байшахан мен 8 «Ә»  сынып оқушысы Саламатқызы Данагүл Тұңғыш Президентімізге арналған арнауларды нақышына келтіріп мәнерлеп оқып берді. Кеште қатысушы жастарға викториналық сұрақтар слайд арқылы қойылып,  жастар белсенділік таныта отырып,сауалдарға нық жауап беріп отырды.

 

Шара соңында «Елі ұлықтаған Елбасы» тақырыбында ашық қарау мен «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты слайд көпшілік назарына ұсынылды.