Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің басты жетістіктері

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің басты жетістіктері» фото, кітап көрмесі.

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің басты жетістіктері»  атты  фото, кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды.

Мақсаты: Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын ұғындыра отырып, оңай жолмен келмегенін түсіндіру,еліміздің өткені мен болашағы, даму тарихы туралы түсінік беру. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу арқылы олардың  ерліктерін үлгі ету ,өскелен ұрпаққа елін мақтан тұтуға, болашаққа сеніммен қарауға  тәрбиелеу.

Елбасның «Тәуелсіздік дәуірі»  атты екі тілдегі кітабынан бастау алған  ашық қарауды оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Ұсынылған ашық қарауға  Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері», «Тәуелсіздік шежіресі», «Қазақстан жолы», Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналып шығарылған «Азаттық аңсағандар», «Желтоқсан көтерілісі» 1-2 томдары, К.Адырбектің «Тәуелсіздікке талпыныс», «Желтоқсан тәуелсіздік бастауы» кітаптар мен дәйек сөздер, фотосуреттер қойылды.  

Нәтижесінде:Тәуелсіздік жетістіктері туралы толықтай ақпараттар беріліп, Тәуелсіздік белестерін айқындайтын кітаптар таныстырылды.

.