Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

 «Дәл бүгіннен бастап, қоршаған ортаға қандай көзқараспен қарайсыз?»

Аудандық орталық кітапхана мен аудандық газетінің тілшісі Түркіменова Элмира Жалғасқызымен бірлесіп, жастар арасында Дәл бүгіннен бастап, қоршаған ортаға қандай көзқараспен қарайсыз?» тақырыбында №1 орта мектептің 7-8 сынып оқушыларының арасында тренинг ұйымдастырылды.

 

Кеш қонақтары: аудандық газетінің тілшісі Түркіменова Элмира Жалғасқызы, № 1 орта мектептің  ұстазы Абишева Толғанай Серікжанқызы  қатысты.

 

Іс-шара барысында «Табиғат байлығын қорғау,үнемдеу –баршаның міндеті» бөлімде табиғат пен оның байлықтары тілге тиек болып, сол байлықты көзіміздің қарашығындай сақтау керектігі жайлы ақпараттар беріліп, 5 айналым бойынша жастар өзара сынға түсті. Шарада қатысушылар 2 топқа «А» және «Б» бөлініп ойын мәресіне дайындалды. Бірінші  айналым: Ғажайып Қазақстан тақырыбымен аталып,сергіту сұрақтары қойылып екі топта мүдірмей өтті. Екінші айналым: Супер ойын -«Сиқырлы сандық»деп аталып қала аттары сұрақ арқылы жасырылды. Үшінші айналым: «Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталып қатысушылар экологиялық сұрақтарға жауап беріп, ойларын ашып айтып, өз қоржындарына ұпайларын жинап жарысса,төртінші  айналым: «Шығыс жануарларын танисың ба?» деп аталды,бұл бөлімде слайд арқылы ұящықтардың астында жасырылған жануарды сұрақ арқылы табу болатын, бесінші айналым: «Шешуші сәт» бұл бөлімде сұрақ оқылады. Ойлануға 1 минут уақыт  беріліп, жауабын жазбаша түрде қағазға жазып беріп белсенділік таныту, шарада сондай-ақ, әлемдегі ең үлкен 10 көлдің суреттерін ретімен орналастырып, ведеоны көру арқылы дұрыстығын тексеру,соңғы бөлім «Қоршаған ортаны қорғау-игілікті іс» сергіту сәтімен жалғасын тауып, қатысушылар «Табиғат мінезі» тақырыбында жаттығулар жасап, жастарды ойынға баулып табиғаттың тылсым күштерін іс-әрекеттерімен көрсете отырып, белсенділік танытып, мардымды кеш бірлікпен шешімін тапты. Кеште «Қоршаған ортаны аялайық» ашық қарауды оқу залының кітапханашысы Н.Манааева таныстырып,шолу жасады және «Табиғатты қорғау әр адамның міндеті» слайд көпшілік назарына ұсынылды.

.