Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

 «Жазушының шығармашылық кеші»  әдеби кеш.

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, ғалым, филология ғылымының кандидаты, Қазақстан халық жазушысы Мағауин Мұхтар Мұқанұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Жазушының шығармашылық кеші» тақырыбындағы әдеби кеш «Аса білім беру орталығының»  оқушыларының қатысуымен өтті.

 

Іс- шараны оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева жүргізіп кіріспе сөзбен ашып, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева жазушының өмір деректерімен таныстырса, «Жазушы ізгіліктің иесі болуы тиіс» тақырыбында ашық қарауға библиографиялық шолу жасап, әсіресе «Аласапыран» атты тарихи романына кеңірек тоқталып, оқырмандарға кітап сөремізден осы және өзге де М. Мағауин туындыларын таба алатындығын айтып, жастарды кітап оқуға шақырды.