Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

 «Әлемдегі ең әдемі құстар» музыкалық композиция

Еріктілер жылына орай ауданның белсенді жастарының бірі, «Шұғыла-Радуга» жергілікті газеттің тілшісі Түркменова Эльмира Жалғасқызымен Бауыржан Момышұлы Мектеп-гимназияның 8 сынып шәкірттерінің арасында «Әлемдегі ең әдемі құстар» тақырыбында  музыкалық композиция өтті. 

 

Шара әуенді музыкамен бастау алып, құстардың дауысымен бейнефильммен ашылды. Кеш қонақтары: Э.Түркменова мен Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның кітапханашысы Сәрсенбаева Роза Райымбекқызы қатысты.    

Кешті Қ.Асхатаева жүргізіп, құстар және оларды қорғау  жайлы мәліметтер беріп, іс-шараның шеңберінде қатысушыларға құстардың биологиялық ерекшеліктері туралы баяндалып, кеш қонағы Э.Түркменова «Кім жылдам ойыны» құс суретін құрастыру,сөзжұмбақ жасыру ойынын ойнатып ілімдерін әрмен қарай тереңдетті. Кеш барысында құстардың тіршілігі, табиғаттағы адам өміріндегі маңызы, келтіретін пайдасы туралы ұғындыра отырып, оларды қорғай ілуге бағыттап «Тапқыр болсаң тауып көр» бөлімінде  құстар туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, қатысушылар белсенділік танытып, психологиялық жаттығуларға қатысып, шапшаңдық танытып, сонымен «Шешуін тап» құстар туралы жұмбақтар жасыру арқылы кеш жалғасын тауып, викториналық сұрақтар арқылы ойларын кеңейтіп, құстардың дыбыстарын ажырату арқылы ойлау қабілеттері арқылы құс дауысын жылдам тауып,шешімін айтып,ойларымен бөлісті. Музыкалық композицияда «Артық болмас білгенің» халық болжамдары тілге тиек болып, қатысушылар білмегендерін ойларына түйіп, ойларын ашық айтып, белсенділік танытты. Шара барысында «Көктем жаршысы – құстар» ашық қарауды оқу залдың кітапханашысы Н.Манабаева библиографиялық шолу жасап, таныстырды, сондай-ақ, «Құстар әлеміне саяхат» слайд көпшілік назарына ұсынылды. Аталмыш шараны Роза Райымекқызы қорытындылап, кітапханашыларға алғысын білдірді.