Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

15ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Жастығын жалын шарпыған» кездесу кеші

Аудандық  орталық кітапхана мен №1 орта мектептің ұйымдастыруымен 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Жастығын жалын шарпыған» кездесу кеші кітапхана  оқырмандары және мектеп оқушылары  арасында өтті.

          

Мақсаты: Ауған  соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың  патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат  жерде көз жұмған  азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің өмірінен үлгі – өнеге, тарихи тағылым беру, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып  тәрбие беру.

Іс-шараны аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Нурипа Манабаева мен Ақерке Мамашариева жүргізіп , Аса ауылдық округінің әкімі Қалшымбетов Бауыржан Құттыбайұлы кешті ашып берді. Ауған соғысына қатысып оралмаған жауынгерлерімізді еске алу үшін  бір минуттық үнсіздік жарияланды. Кеш қонақтары: Ауған ардагерлері   Шәлімбетов Батырхан Әбенұлы, Елубеав Әріпжан Әбуұлы, Берікбосынов Ермек Билібайұлы қатысты. Шарада кеш қонақтары жас ұрпаққа соғыстың қасіреті жайлы, батыр боздақтарымыз жайында келелі әңгіме өрбітіп, ерлер есімі ел есінде мәңгілікке сақталатынын айтты. Іс-шара барысында «Жауынгерлік, ерлік, даңқ  туралы» атты әдеби монтаж бөлімінде №1 орта мектебінің оқушылары  Айнабек Зере, Дидарұлы Нұрдос, Кенжебек Айтолқынның орындауында ауғанға арналған өлең-шумақтарын  оқыса, Юрий     Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 10 «Ә» оқушысы Ү.Әбітаева «Боздақтардың соңғы хаты» атты жыр-шумақтарын мәнерлеп оқып берді.  Сондай –ақ оқу залының кітапханашысы Ақерке Мамашариева Мұқағали Мақатаевтың «Сәби ана» атты монологын нақышына келтіріп орындап берді.  Юрий      Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 10 «Б» оқушысы  Нұрлыбек Назеркенің  орындауында «Туған жер» атты әні мен №1 орта мектебінің оқушысы Амангелді Ақботаның «Мереке»  атты күйі  кеш қонақтары мен қатысушылардың көңілін көтеріп тастады. Кеш соңында  қызмет көрсету бөлімінің  кітапханашысы Жұлдызай Жарылқасын «Ауған соғысында от кешкендер» тақырыбында  ашық қарауды таныстырса,   «Ауған соғысы 1979-1989» тақырыбында слайд  көпшілік назарына ұсынылды. Кездесу кешін  АОКЖ директоры А.Қалисаева қортындылады.