Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

21 ақпан Ана тілі күніне орай «Тіл-ұлттың  рухани негізі» пікірсайыс

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 21 ақпан Ана тілі күніне орай «Тіл – ұлттың рухани негізі» атты пікірсайысымыз №1 орта  мектебінің 8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

        

Мақсаты: Ана тілін мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін арттыру, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейлерін көтеру; жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру; олардың халқына, еліне деген махаббатын арттыру; жаһандану кезеңінде қазақтың ұлттық өркениет шеңберінде алатын орнын салмақтау; қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын көрсетіп, дамыту.

         

Іс-шарада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ж.Жарылқасын  ана тілі туралы мәліметтер беріп, оқырмандарды екі топқа  топтастырды. «Бірлік» және «Ынтымақ» топтары қатысқан сайыс 5  кезеңнен тұрды.  1-ші кезең  «Ана тілі- жүрек үні» тақырыбы бойынша  қатысушылар ана тілі туралы ақындар өлеңін жатқа айтса, 2-кезең «Мақал айтсаң-жанымды жайландырдың» үзік-үзік сөздерден мақал-мәтел құрастырды. Кезең –кезеңімен өткен сайыста оқушылар өздерінің білімдерін көрсетіп,  ат салысып отырды. Сайыс соңында жеңімпаз топ болып «Бірлік» тобы алға шықты, екі топқа да кітапхана атынан алғыс ретінде «Алғыс хат» табысталды. Кеш барысында «Ана тіліндей құдіретті ана тілі» тақырыбында ашық қарауға оқу залының кітапханашысы Манабаева Нүрипа шолу жасап, «Ана тілі мәңгі өлмейтін  бәйтерек» атты слайд көпшілік назарына ұсынылды.