Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Абай мұрасы-халық ұлағаты»  кітап көрмесі

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлы ақын, философ, ағартушы, композитр Абай Құнанбаевтің 175-жылдық мерей тойына орай «Абай мұрасы-халық ұлағаты»  кітап көрмесі Мәдениет үйінде көпшілік назарына ұсынылды.

 

Мақсаты: Көркем сөзді жете танып, сөз қадірін түсініп, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру, Абайдың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, Абай шығармалары арқылы жастарды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен  өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.

 

Көрмеге ұлы ақынның өлең жинақтары, қара сөздері хикмет кітаптары қойылды. Сондай ақ кемеңгердің өмір жолы, шығармаларына арналған ғалым-жазушылардың  зерттеулері мен еңбектері туралы және де  Абай туралы, бай мұрасымен таныстыра отырып,  Б.Момышұлы мектеп-гимназиясының оқушылары мен кітапханашылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып берді.  Абайдың артынан қалдырған еңбектерінің қаншалықты құнды екендігі тіпті оның әр жолдарынан өмірге қажетті баға жетпес құнды кеңестер алуға болатыны жайында жазылғаны, осындай өмірге қайта келмес данышпаны бар халықтың қашан да білім көкжиегі кең болары хақ. Ең бастысы өзіміздің ғұлама, данагөй тұлғаларымызды біліп жүргеніміз жөн. Ақынның бай мұрасы, дүниеге көзқарасы, тағылымы «Абай» энциклопедиясында жан- жақты қамтылады. М. Мырзахметұлының «Абайтану» монументалдық 2-ші басылымы, Ғ.Есімнің «Хакім Абай» оқырмандарды қызықтырды. Ұлы Абайдың шығармалары әр түрлі басылымда орыс, түрік, қытый, ағылшын тіліндегі аудармалары қойылып толығымен шолу жасалып,   оқырмандар назарына ұсынылды.