Аудандық орталық кітапхана мен Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі бірлесіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағыты бойынша «Туған жер» жобасы аясында «Ата кәсіпті ардақ тұтқан» тақырыбында кәсіпкерлермен, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің шәкірттерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева «Кәсіпкерлік теориясының дамуы» тақырыбында кіріспе сөзбен ашып, кеш қонақтарын таныстырды. Кеш қонақтары: Ип «Жаңа жол» құрылыс саласы бойынша Бетон құюмен айналысатын жеке кәсіпкер Нұртазаев Қуат Оңласынұлы, Ип «Нұрасыл» Жеміс жидектерден қақ жасау әдісімен айналысатын жеке кәсіпкер Батырбекова Ақмарал Еркенқызы, Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің маманы Анарбай Тұрсынхан Серікханұлы, Ю.А.Гагарин атындағы мектеп –лицейінің тәлімгері Сабделиева Динара Ойықбайқызы қатысты.
Кездесу кешінің негізгі бөлімі «Кәсіпкерлік қызметін дамыту» бөлімінде кәсіпкерлер Қ.Нұртазаев пен А.Батырекованың ерен еңбектері сөз болып, Елбасының кәсіпкерлерге қолдау көрсету жолдауы негізге алына отырып, әңгіменің өзегіне айналған ой қозғау сұрақтарымен жастар кәсіпкерлік тақырыбын үлкен қызығушылықпен талқылады.
Тағылымы мол кеште «Бизнесті неден бастау керек?» тақырыбында кеш қонақтарына арналған сұрақтар қойылып, жеке істі қалай ашуға болады? немен айналысу керек?, бизнесті неден бастау керек?, кәсіпкерге көмектесу үшін мемлекет қандай шаралар қолданады?, бизнес-жоспар не үшін қажет және т.б.сауалдармен жалғасып,кеш қонақтары бірде-бір сұрақты жауапсыз қалдырмай мардымды жауап қатып, көпшілікпен кәсіпкерлер ой бөлісіп, айналысып отырған кәсіптің бастамалары жайлы айтып, дөңгелетіп отырған кәсіптерін тілге тиек етіп, қанша еңбекті талап ететіні сөз болып, ауылды көтеруге жастарды шақырды. Кездесу кешін Д.Сабделиева қорытындылап кесіпкерлерге табыс тіледі. Кешке арнайы жасақталған «Кәсіпкерлік және бизнес» ашық қарауды оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева библиографиялық шолу жасап таныстырды. Сондай-ақ кеште «Кәсіпкерлік – табыс кілті» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағыты бойынша «Туған жер» жобасы аясында «Ата кәсіпті ардақ тұтқан» кездесу кешінің мәліметі