Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарамасы барысында «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында «Ауыл азаматымен асқақ»  тақырыбында сұхбат кеші

Аудандық орталық кітапханамен «Аса» ауылдық округі бірлесе  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасы барысында «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында «Ауыл азаматымен асқақ»  тақырыбында сұхбат кешін ұйымдастырды.

 

Кеш қонақтары  Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Күзербаев Сәрсен, Сыздықов Ақан, Аса ауылдық округінің  әкімі Қалшымбетов Бауыржан Құттыбайұлы қатысты.

 

Сұхбат кешін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы  Жарылқасын Жұлдызай  кіріспе сөзбен ашып, кеш қонақтарын таныстырды. Іс-шара барысында «Мыңжылдықтар шежіресін шерткен өңір» тақырыбында сұрақ –жауаппен жалғасын тауып, Тарихты білу – өзінің, отбасының, әулетінің, туып-өскен өлкесінің тарихын білуден басталатыны сөз болып, пікірлері тыңдалды. Кеште  қонақтар ауданның жетістіктер жайлы ауыз толтыратындай әңгіме қозғап, тарихтан сыр шертіп, бүгінгі тарих ертеңгі болшақ екенін айтып, жастар белсенділік таныта отырып,  кеш қонақтарына сұрақтарын қою арқылы тамаша сұхбаттың куәгері болдық.

Сондай-ақ, кеш барысында «Қазыналы құтты мекен» тақырыбында ашық қарау  көпшілік назарына ұсынылды.