Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарлама аясында «Халық өнері-асыл қазына» қызығушылық клубының «Ұлттық құндылықтар ұмытылмайды» тақырыбында сұхбат кеші өтті.
Сұхбат кешінің қонағы: «Айналайын» Балалар мен жасөспірімдер орталығы «жастар клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Разақова Айгүл Әшімқызы қатысты.
Кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева кіріспе сөзбен ашып, салт-дәстүрге тоқталып, қысқаша мағлұмат берді. Негізгі бөлім «Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі» деп аталып ісмер апамызды әңгімеге тарттық. Айгүл Әшімқызының әңгімесінде қыз жасауына тоқталып, жеке-жеке қыз жасауында қандай заттар болуы қажет екенін айтып, қазіргі таңда қыз жасауын қалай дайындап жүргеніне тоқталып, әр заттың атауын атап, қанша уақытты алатыны,қандай мағынасы барын әңгімелеп берді. Тіпті қыз жасауын ақшасы қанша екенін атап, үйінде тапсырыстар қабылдайтынын қадап айтты. Жастар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, кеш қонағы қойылған сұрақты аша отырып,бірлесе тақырыпты ашып талқылады. Сондай-ақ, кеште «Қазақ халқының қолөнері» тақырыбында ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жарылқасын Жұлдызай таныстырып,шолу жасады,сонымен бірге «Қолөнер мол өнер» қолөнер бұйымдарының көрмесі, «Қолөнер-ұлттық құндылығымыз, дәстүрдің жалғасы» атты слайд көпшілік назарына ұсынылды.