Жамбыл аудандық орталық кітапханың ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асыру аясында «Ұлт- ұлысқа ортақ үй-Қазақстан» тақырыбында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен қонақжай кеші өтті.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін жастардың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қонақжай кешінің қонақтары: Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек Бейсенбекұлы, Облыстық билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын Қарабайұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, Жамбыл ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сырлыбаев Бақыт Уәлиұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сыздықов Ақан, Жалпақтөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауылымыздың қадірлі ақсақалы, дүнген ұлтының өкілі Маюфи Абдухалил, Пригородное ауылының тұрғыны, түрік ұлтының өкілі, кәсіпкер, Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының мүшесі Даврушев Наим Гайзиевич, Гродеково аулының тұрғыны, күрді ұлтының өкілі, Гродеково орта мектебінің ұстазы Мирзаева Забида Абдиевна, Шайқорық ауылының тұрғыны ұйғыр ұлтының өкілі, Сулейман Демерил университетінің 3-курс білімгері Сәлімбай Айғаным, Ақбұлым ауылының тұрғыны, өзбек ұлтының өкілі, Баймұрза Беспаев атындағы мектеп-гимназияның 9- сынып оқушысы Сулейменова Нульифар, Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, дүнген ұлтының өкілі, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ІІ- курс білімгері Шамсудинов Ариф, Жасөркен ауылының тұрғыны, күрді ұлтының өкілі, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Шакирова Нарынгуль, Жасөркен ауылының тұрғыны, күрді ұлтының өкілі, Жасөркен орта мектебінің 4-сынып оқушысы Асия Али Оғлы қатысты.
Іс-шара барысында ақсақалдар «Бейбітшілік пен келісім» тақырыбында әңгіме өрбітіп, жастарға ақылдарын айтып, ақ баталарын жаудырды. Сондай –ақ, өзге ұлт өкілдерінің ақсақалдары қатысыушыларға ақ тілегін білдірді. Ардагер аталарымыздың атынан Сыздықов Ақан ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап, «Сегіз аяқ» әнін домбырамен орындап берсе, Мәдениет үйінің әншісі Қоқымбаев Ерболдың орындауында «Ауылым» әнін көпшілікке тарту етті. Қонақжай кешінде қонақтарымыздың тарапынан қонақ кәде ретінде Сулейменова Нульифардың оқуында «Достық», Шакирова Нарынгүл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Туған жер», Асия Али Оғлы жыр падишасы Фариза Оңғарсынованың «Туған жер» атты жыр-шумақтарын нақышына келтіре мәнерлеп оқып берді. Кеш соңына Шамсудинов Арифтің орындауында «Адай» күйі тыңдалды. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Тажаяқов Асхат Оңалбекұлы, Облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапхана директорының орынбасары Жеңсікбаева Мақтақыз Зиятбекқызы қортындылап, алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ, жиналған көпшілікке «Бейбітшілік-бауырластықтың белгісі» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/196-bolasha-a-ba-dar-rukhani-zha-yru-ma-satty-ba-darlamasy-ayasynda-bejbitshilik-pen-kelisim-zhobasyn-iske-asyru-bojynsha-lt-lys-a-orta-j-aza-stan-atty-ona-zhaj-keshi.html#sigFreeId29570c192e