Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Аудандық орталық кітапхана жанынан құрылған «Туған жерге тағзым» жобасы аясындағы «Масат» оқу клуб мүшелерімен «Кітап-дәуірлер шамшырағы» тақырыбында сүйікті кітап туралы сыр-сұхбаттың

Аудандық орталық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаеваның ұйымдастыруымен кітапхана жанынан құрылған «Туған жерге тағзым» жобасы аясындағы «Масат» оқу клуб мүшелерімен «Кітап-дәуірлер шамшырағы» тақырыбында сүйікті кітап жайында  сыр-сұхбат өткізді.

 

Мақсаты: Клуб мүшелеріне алдағы уақытта өткізілетін іс шаралар жоспарын талқылау, ережесі мен жарғысын таныстырып, кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 

  Клуб төрағасы: «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі, мүшелері- Анарбай Тұрсынхан Серікханұлы- Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы,Қалисаева Алима Қайратқызы- ТарГу- 2 курс білімгері,Мәлік Даяна Ерланқызы- Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия шәкірті қатысты.

 

Кітапханашы кешті кіріспе сөзбен ашып, «Масат» оқу клубының жұмысын клуб мүшелеріне таныстырып,төрағасын сайлап, жыл бойына жоспарланған жоспарды талқылап, әр түрлі тақырыпта бірлесе іс- шараларды ұйымдастырып, жастардың  клубқа деген қызығушылықтарын арттырып дарынды балаларға бағыт бағдар беріп, үлкен  білім кемесіне құтты қадам жасатып әрмен қарай дарындылығын дамыту жайлы айтылып, «Масат» сөзіне кеңінен түсінік беріп, кешімізді аталмыш клуб мүшелерімен «Кітап-дәуірлер шамшырағы» тақырыбында оқыған сүйікті кітаптары жайында сыр-сұхбатпен жалғасты. Клуб мүшелері әр қайсысы өздерінің сүйікті кітаптары жайлы әңгімелеп, ойларымен бөлісіп, бір-бірлеріне оқыған кітаптарын  басқаларына оқуға кеңес берді. Кеш соңында кітапханашы отырысты қорытындылап, «Кітапхана-рухани қазына ордасы» тақырыбында кітап инсталляциясына шолу жасады.

 

Нәтижесінде: «Масат» оқу клубының мүшелері жұмыс жоспарымен танысып ,алдағы уақытта қандай бағытта жұмыс жүргізетіндерінен хабардар болып, «Кітап-дәуірлер шамшырағы» тақырыбында сүйікті кітаптары жайлы сырларын ашып айтып, ойларымен бөлісті. Келешекте клуб мүшелерінен күтетін үмітіміз зор, көптеген жалындаған жастарды клубқа тартамыз деген ойдамыз.