Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Өлке тарихын зерделеу игі іс» тақырыбында әдеби танымдық кеш

 Кітапханада  Өлкетану жайлы әдебиеттерді насихаттау барысында «Өлке тарихын зерделеу игі іс» тақырыбында әдеби танымдық кеш жастар арасында өтті.

 

Мақсаты: Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары ардагер ағалар ерлігін, өнегесін үлгі ету. Жастарға  туған өлке тарихы мен географиялық орны, халқы туралы мәлімет беру. Келешек ұрпақты туған өлкесінің тарихын, мәдени мұраларын, тарихи құжаттарын зерттеуге баулу.

 

Іс- шараны оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева кіріспе сөзбен ашты. «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы-тарих» деп кезінде Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай кітапханашылар өлкеміздің тарихы туралы қысқаша айтып, Ф.Оңғарсынованың «Туған жер», Қасым Аманжоловтың «Туған жер» атты жыр шумақтарын мәнерлеп оқып берді.  

 

Сондай-ақ, әдеби танымдық арнайы ұйымдастырылған «Мың жылдықтар шежіресін шерткен өңір» тақырыбындағы ашық қарауға библиографиялық шолу жасады.

 

Кеш соңында жастар өлке туралы, Отан, туған жер, төл ауданымыздың тарихын білуге  міндеттіміз-деп өз ойларын білдірді.