Жамбыл аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ақын, жауынгер, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ даласының жыршысы» библиофреш инсталяциясы жастар назарына ұсынылды.
Мақсаты: Ж.Молдағалиевтің қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, жастардың поэзия туралы түсініктерін дамыту, елін, жерін сүюге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Іс-шараны оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, өмірдерегімен қысқаша таныстырды. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы - "Мен қазақпын" поэмасы, бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік-дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді. Бүгінде бұл өлеңді білмейтін жан жоқ деп, талдау жасай отырып, таныстырды. Жарылқасын Жұлдызай «Колхоз қызы», Ләйлә Есмурзаева «Жағаңда тұрмын, Жайығым» атты өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып берді.
Сондай-ақ, «Өлең де де, Өмір де Жұбан ақын» кітап көрмесі, «Жыр қыраны –Жұбан ақын» тақырыбынды слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/201-aza-dalasyny-zhyrshysy-bibliofresh-instalyatsiyasy.html#sigFreeId7d30e95314