Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Архив – 2025» бағдарламасы бойынша «Кітап тарих, шежіре!» тақырыбында «Әулиеата зерттеулері» архивтік зерттеулер кітабының таныстырылымы жастар арасында өтті.
Кеш қонақтары: «Әулиеата зерттеулері» архивтік зерттеулер кітабының авторы, Тараз қаласының мемлекеттік архивінің директоры Серікбаев Нұрхат Тірібосынұлы және Жамбыл ауданының мемлекеттік архивінің директоры Күлекеева Келсінкүл Жұмалитқызы қатысты.
Кеште Нұрхат Тірібосынұлы өзін таныстырып, Әулиеата аумағындағы алғашқы ғимарат, қоғамдық бақтар, оқу орындарының қалыптасуы, көпестік тұрғын үйлер, дәріхана, банктер бой көтере бастаған кезеңдер және әулиеата өлкетану музейінің ашылуы мен Әулиеатаға полковник М.Черняев әскерінің келуі, өңірді зерттеген ғалымдардың қолжазбалары мен зерттеулері туралы мәліметтер архивтік құжаттар негізінде топтастырылған, өткеннен сыр шертетін тарихи кітабы жөнінде кеңінен ақпарат беріп, өзінің атқарып жүрген, әсіресе архив мамандығының қызығы мен қиындығын және жастарды осы мамандықты таңдауға шақыра отырып, тарихи зерттеулер туралы, сондай-ақ, қойылған сұрақтарға тұщымды әрі нақты жауап беріп, қатысушылардың тарихқа деген қызығушылықтарын арттыра білді. Осы салада қызмет етіп жүрген өзіміздің аудандық мұрағаттың директоры Келсінкүл Жұмалитқызы да тарихи деректер туралы айтып, кітап авторына шығармашылық табыс тілеп, болашақ жастарда деп, жастарды еңбекке, білімге шақырды.
Іс-шара соңында Нұрхат Тірібосынұлы екі жылдай тынбай еңбек пен ізденісінің арқасында жарық көрген «Әулиеата зерттеулері» атты кітабының 1 данасын аудандық орталық кітапханаға қолтаңбасын қалдыра отырып, сыйға тарту етті.
Бүгінгі таныстырылымда болған кітабымыз өңіріндегі ауыл-село тарихын зерттеуге арналған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Мұндай бастама осы өңірдегі тарихшы мұғалімдер, өлкетанушылар тарапынан қолдау тауып, әрбір елді мекеннің тарихын зерттеп, жүйелеп жас ұрпаққа танытуда, насихаттауда үлгі болады деп сенеміз.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/203-kitap-tarikh-shezhire-ta-yrybynda-ulieata-zertteuleri-arkhivtik-zertteuler-kitaby-tanystyrylymy.html#sigFreeId60674e12cd