2020 жылдың 1 қыркүйегі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жасады.
Осы орайда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлерімен облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Ашанов Сайлаухан Амалбекұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекеттің дамуын көздейтін маңызды құжатпен жақынырақ танысып, өз пікірлерін ортаға салу мақсатында жолдаудың әр бөліміне тоқталып өтті.