Аудандық орталық кітапхана мен аудандық аурухана бірлесе, нашақорлыққа қарсы күрес барысында «Есірткі және оның алдын алу» тақырыбында «Қадам» білім беру орталығының шәкірттерінің қатысуымен сұхбат өтті.
Сұхбат кешін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева
«Есірткі-әлем дерті» тақырыбында кіріспе сөзбен ашып, кеш қонақтарын таныстырды. Іс-шара қонақтары: аудандық емхананың жанынан құрылған «Сенім» жастар денсаулық орталығының психологі Жамалова Айзат Абсадыққызы, «Сенім» жастар орталығының әлеументтік қызметкері Бекбауылова Құралай Жүнжірбекқызы, «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі Сейітқазиева Гүлбаршын қатысты.
Негізгі бөлім «Нашақорлық өмір азабы» деп аталып, көпшілікке есірткінің зияны туралы кең көлемде ақпарат бере отырып, есірткі пайдалануға және нашақорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын күшейту, есірткі заттары туралы теріс түсінік беретін ақпараттардың берілуі мен орналастырылуына жол бермеу және ол үшін жауапкершіліктерін арттыру, құқық қорғау және нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың басты назарын көпшіліктің есірткі құралдары мен психотроптық заттарға қолжетімділігін барынша шектеуге бағыттау, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі ынтымақтастықты дамыту сияқты міндеттерді атқару қажеттілігін ескеруіміз қажеттігін кітапханашы баяндап берді. Сондай-ақ, «Есірткі біздің жауымыз» бөлімінде мамандар баяндама жасап, әр түрлі наркотикалық психоактивті заттардың, таксикоманияның зияны туралы, денсаулықтың негізгі өмір құндылығы екенін түсіндірді. Мамандар жастар арасында екі түрлі тренинг ойнатып, қатысушылар ойынға қызығушылықпен белсене атсалысып, мамандардың қойған сауалдарына жауап қатып отырды. Кеш қонақтары мен жастардың әңгімесіне қарап, бұл шараның маңыздылығы туралы ой түюге болады. Кеште «Есірткі жас өмірді улайды» ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ж.Жарылқасын библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ, «Ғасыр індетінен сақтанайық!» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды. Сұхбатты қорытындылаған жастар орталығының психологы А.Жамалова жастарға дұрыс тәрбие беруге, жас ұрпақты кәсіптікке, өнер мен білімге, еңбексүйгіштікке олардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет екендігін айтты.
Нәтижесінде: Мұндай кездесулер біздің жастарға дұрыс таңдау жасауға көмегін тигізеді деп үміттенеміз. Жастар нашақорлық пен зиянды әдеттер жайлы көптеген жаңа мәліметтер алды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/205-esirtki-zh-ne-ony-aldyn-alu-s-khbat-keshi.html#sigFreeIdf9cfa3249c