Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан халқының Атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Сарыұлы Ақтанбердінің - туғанына 345 жыл толуына орай «Ақтанбердінің ақсауытының төрт ғасырлық тарихы» атты тақырыпты кеш «Масат» клубының мүшелері мен жастар арасында өтті.
Мақсаты: Ақтамберді жыраудың –өмір жолы мен еңбектеріне
тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнын ашу, талдау, Ақтамберді ақын туралы білімдерін толықтыру, білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;
Отансүйгіштікке, шыншылдыққа, Ләйлә Есмурзаева Сарыұлы Ақтамбердінің өмірінен қысқаша мәлімет берді. Жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» атты ұзақ толғауының екпіні ерекше еді, сол толғауынан қысқаша түсіндірме бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Клуб мүшесі Қалисаева Алима Ақтамберді жыраудың «Сөйле тілім жосылып» атты жырын нақышына келтіріп оқып берді. «Масат» клубының төрағасы Жетпісбай Ақжігіт жыраулар жайлы өз ойын ортаға салып өтті. Кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева «Жырларымды оқы да, ойларымды ал» атты ашық қарауға библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар «Жыры кетпес жүректен» слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Нәтижесінде: Ақтамберді – қаһармандық поэзиясы арқылы өзінің елін, жерін сүюдің үлгісін көрсеткен, оны ұрпағына мәңгілікке мұра еткен ұлы жыраушының өмірдерегімен танысып, тарихқа көз жүгіртіп, көптеген мәліметтер алды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/207-a-tanberdini-a-sauytyny-t-rt-asyrly-tarikhy-ta-yrypty-kesh.html#sigFreeId00e7596859