Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Сырласу»  қыз-келіншектер клубының «Әлем әйелдермен әсем»  кеші

«Сырласу»  қыз-келіншектер клубының «Әлем әйелдермен әсем» тақырыбында кездесу кеші жастар арасында өтті.

Мақсаты: Үйлерінде жұмыссыз отырған қыз-келіншектерге әдемілікті сақтап қалудың жолдары туралы сыр шерту.

 

Кешті оқу заланың кітапханашысы Н.Манабаева жүргіп, Кеш қонағы «Mary kay»  компаниясының  директоры Абрахманова Ақеркені таныстырды.  Қыздардың тәрбиесі  туралы, дұрыс киініп жүру керетігі, әдептілік туралы айтты. Кітапханашы Л.Есмурзаева  ерте қартаюдың алдын алу туралы  кеңестер берді. 

Ал, Абдрахманова Ақерке  жалпы, бұл табиғи құбылыс болғанымен, қартаю әр адамның жеке ерекшеліктеріне, оның өмірлік ұстанымына, қоршаған ортасына, жеке қасиеттері мен мінез-құлқына, айналысатын ісіне, немен және қалай, қашан тамақтанатынына, тағы басқаларға тікелей байланысты екенін, қыз- келіншектерге әдемі әрі жас көріну үшін бет, мойын, қол терілеріне  бірдей күтім жасау керектігін,  өзі қолданып жүрген фирманың  косметикалық кремдерін қалай пайдалану керектігін айтып және қатысушыларға теріні тазалау тәсілдерін көрсетіп қыз-келіншектердің алғысына бөленіп,  өздерін әдемі, жас сезінулеріне септігін тигізіп, өзінің сырларымен бөлісті.