«Мәдени мұра-рухани жаңғырудың негізі» атты тарих кеші
Аудандық орталық кітапхана мен аудандық ардагерлер кеңесі бірлесе, Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Мәдени мұра-рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында тарих кеші өтті.
Мақсаты: Тәуелсіздіктің рухани тірегі ретіндегі мәдениеттің мәні мен Қазақстандық мәдениеттің әлемдік деңгейін насихаттау, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ауданымыздағы мәдени – тарихи ескерткіштердің қорғалуын баяндау арқылы, оқушыларды отансүйгіштікке, мәдени құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.
Тарихи кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып, «Мәдени мұра» бағдарламасы туралы қысқаша мағлұматтарға тоқталып, кеш қонақтарын таныстырды.
Кеш қонақтары: Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Саршаев Батыр Бақыпбайұлы, Момышұлы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Малдыбаев Нышанбек Сматұлы, аудандық тарихи- өлкетану музейінің экскурсоводы - Мыңжасарова Индира Өсербайқызы, «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі Г.Сейтқазиева қатысты. Іс-шара барысында Нышанбек Сматұлы 2004 жылдан бері «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында мәдени құндылықтарымызды сақтау керектігімізді атап, Мөңке бидің тамаша өсиетімен сөзін бастап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағытында жандандыру жұмысын қолға алып, ауқымды істер істеуіміз керектігін тілге тиек етті. Келесі кезекте Индира Мыңжасарова «Мәдени мұра» бағдарламасы – еліміздегі теңдессіз жобалардың бірі, бұл – қазақ халқының рухани байлығын әлемге паш еткен теңдессіз дүние, ұлт мәдениетіне қызмет ететін мұндай жобалар болуы тиіс әрі қазаққа керек екендігін атап,мұражай қорындағы жәдігерлердің негізін құрайтын өлкедегі мол қазба жұмыстары арқылы табылған археологиялық, палеонтологиялық жинақтар, сонымен қатар музей негізгі мақтанышы болып есептелетін ауданымыздың ерекше зергерлік бұйымдары және киіз үй жабдықтары, орта ғасырлық қыш ыдыстар, тас дәуіріне жататын таңбалы тастар,өлке жеріне белгілі тарихи тұлғалар мен мәдениет, өнер, әдебиет, ғылым, халық ағарту, денсаулық сақтау, өндіріс салаларында ерекше еңбегі сіңген қайраткерлер жөнінде және мекеме, өндіріс орындары туралы құжаттар сақталған. Сонымен қатар мұражай қорында жергілікті тұрғындар ұстап тұтынған тұрмыстық бұйымдар, еңбек құралдары, фотошежірелер бар. Өлкенің табиғаты, өсімдіктері мен жануарлар дүниесін көрсететін әртүрлі тұлыптар мен ылғалды препараттар сақталғандығы және ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалатыны жайлы айтып сөзін аяқтады.
Кеш соңында «Рухани казына – ғасырдан ғасырға» ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева таныстырып, шолу жасады. Сондай-ақ, «Мәдени мұра –халық игілігі» слайд» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды. Тарихи кешті Батыр Бақытбайұлы қорытындылады.
Нәтижесінде: Аудандағы тарихи-өлкетану мұражайы жайлы ақпараттар беріліп, мәдени құндылықтарымыздан көпшілік хабардар болды. Бүкіл адамзат тарихының дамуымен біздің тарихымыздың тығыз және ажырамайтын байланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәріміз борыштымыз. Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі де берік, қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ. Әрине, осы іс-шарада бәрін қамту мүмкін емес, олай болса болашағы зор жастар тарих тамырына үңіле білсе, алар тағылым мол.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/209-m-deni-m-ra-rukhani-zha-yrudy-negizi.html#sigFreeId32341d999e