Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақсаттық бағдарлама аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы бойынша «Ұлттық сананың мәйегі – ұлт тарихында» тақырыпты кеш
Аудандық орталық кітапхана мен «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақсаттық бағдарлама аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы бойынша «Ұлттық сананың мәйегі – ұлт тарихында» тақырыбында жастар арасында тақырыпты кеш ұйымдастырды.
Мақсаты: Жастарға даланың ұлы тарихи қайраткерлерінің өмірін, мұрасын зерделеу және дәріптеу, тарихи сананы жаңғыртуға арналған ұстаным-тұжырымдарды саралау, тарихымызды тереңнен тануға атсалысу.
Тақырыпты кештің қонақтары: «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының сектор меңгерушісі Кикбаев Бақытжан Ержанұлы, Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Ережепбаев Сайлау, тарихшы, кітапхананың зейнеткер оқырманы Сапарбеков Алтынхан Мәдібекұлы, Садралиев Әзіреталы қатысты.
Кеште «Ұлы даланың жеті қыры» атты бөлімінде кітапханашы ақпарат беріп, «Ұлт тарихы- ұрпақ мақтанышы» тақырыбында тарих беттеріне шолу жасалды. «Ұлы дала есімдері ұрпақ жадында» атты бөлімде кеш қонақтарына сөз беріліп, тарихқа көз жүгіртіп, қатысушыларға ұлы тұлғалар жайлы тереңнен әңгіме қозғап, жастармен ортақ тақырыпта кеңінен сөз тарқатып, Ұлы даланың ұлы есімдері жайлы көптеген тарихи оқиғалар тілге тиек болып, ұлы тұлғалардың батырлығы мен даналығы сөз болды. Кешті аудандық орталық кітапхананың директоры Қалисаева Аида Қуанышқызы қорытындылады.
Нəтижесінде: Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы толық ақпарат беріліп, тарихтың түрлі кезеңдерінде ата-бабамыз жеткен жетістіктер ұрпақ санасына берік орнығып, тарихи санасының негізгі өзегіне айналуы тиіс деген оймен төл тарихымызды тереңнен біліп, бағалап ой түйді деген ойдамыз.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/210-elbasyny-ly-dalany-zheti-yry-ma-satty-ba-darlama-ayasynda-ly-dalany-ly-esimderi-zhobasy-bojynsha-ltty-sanany-m-jegi-lt-tarikhynda-ta-yrypty-kesh.html#sigFreeId793859b01f