Жергілікті ақын-жазушы Байтанағали Төлентаевпен «Ұрпағына асыл мұра қалдыруда» тақырыбындағы әңгіме - сұхбат кеші
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жергілікті ақын Байтанағали Төлентаевпен «Ұрпағына асыл мұра қалдыруда» тақырыбында әңгіме- сұхбат кеші жастар арасында өтті.
Мақсаты: Жастарды Жамбылдық қаламгер Байтанағали Төлентаевтың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Іс-шараны оқу залының кітапханашысы Нүрипа Манабаева кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.
Ақын мен оқырманның арасын жалғаған әсерлі әңгімеге кітапхананың тұрақты оқырмандары мен жастар қатысып, автордың туындыларымен танысып, шығармашылығы жайында ой қозғап, пікір алмасты. Кітапхана қызметкерлері ақынның шығармашылығына арналған арнайы ашық қарау дайындап, автор туралы мол мәлімет ұсынды. Ақынның өмірбаянымен Л.Есмурзаева таныстырп өтті.
Кеш барысында Әбді Айдана «Тараз көктемі», Ю.Гагарин атындағы орта мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Азаматқызы Кәусар «Жаңбыр», Тараз қаласы №38 мектебінің 6- сынып оқушысы Жақсыкелді Аяру ақынның «Астықты алқап» атты өлеңін онлайн түрде мәнерлеп оқып берді.
Еркін әңгімелесіп, сұхбат ретінде ұйымдастырылған кеште ақын оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, әсіресе «Шахмат сыры», «Боран», «Тараз көктемі» атты кітаптарына жеке-жеке тоқталып, шахмат туралы көптеген сырларымен бөлісіп, жастарға ақ батасын берді
Кеш соңында арнайы ұйымдастырылған рухани іс-шараларға белсене қытысқан жастарға алғысын білдірді. Кеш сондай әсерлі, өте тартымды өтті.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/211-zhergilikti-a-yn-zhazushy-bajtana-ali-t-lentaevpen-rpa-yna-asyl-m-ra-aldyruda-ta-yrybynda-y-gime-s-khbat-keshi.html#sigFreeId1443502e95