Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Кітапхана қорын түрлі әдебиттермен толықтыру, оқырмандарды кітап оқуға тарту акциясы барысында облысымызға танымал ардақты ардагер, жергілікті ақын, жазушы бірнеше кітаптың авторы  Нұрмахан Тілегенов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне «Өрнекті ой мен өрелі сөз» кітабының 29 данасын  сыйға тарты. Кітап екі бөлімнен тұрады бірінші бөлім «Өрнектелген өрелі сөздер», екінші бөлім «Тұжырымды топ сөздер». Кітаптан  баршаға өсиет боларлық нақыл сөздер, мақал-мәтелдерді оқи аласыздар.

 

Құрметті кітапхана жанашырлары сіздер сыйға тартқан әрбір кітап – маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және біздің оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

 

Акцияға қатысып, кітап сыйлаған  барша қауымға алғысымызды  білдіреміз.