Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Облыстық Ш.Уәлиханов атындағы кітапханадан сыйға «Тараз мұралары» атты 80 томдық кітабы 1600 дана беріліп,осы тарихи көптомдықты насихаттау барысында «Кітап руханият қайнары» тақырыбында көпшілікке кітап таныстырылымы өтті. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен «Тараз мұралары» атты көптомдық кітап шығару ісі қолға алынған болатын. Ал, биыл облыстың 80 жылдығына орай сол көптомдықтың алғашқы 80 томын шығару көзделуде екен. «Қазіргі таңда облыстың тарихы мен тарихи тұлғаларының шығармашылығына арналған 80 том кітаптың материалдары әзірленді. Оның 21 томы өңір тарихына арналса, 59 томы халық шығармашылығы бағытында жарық көретін болады. Жинақталған материалдардың сапасы, мәтіні, мұқабасы, жазылу стилі, сөйлемнің құрылуы сарапшылар тобымен тексеріліп, 80 том толығымен «7Su-Company» баспасына жіберілді. Баспа да өз тарапынан кітап жарық көргенге дейінгі түзету жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнге 29 том кітап басылып жатыр», дейді басқарма басшысы.
Жалпы, Әулиеата өңірінен Сарбас ақын, Кенен Әзірбаев, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази және өзге де көптеген рухани тұлғалар шыққан. Сонымен қатар шығыстанушы ғалым Әбсаттар Дербісәлінің мәлімдеуінше, Тараз топырағынан талай ғұлама Таразилер өткен екен. Осындай тарихи тұлғалардың мұралары да болашақта кітап бол.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/213-taraz-m-ralary.html#sigFreeId32e3d08c39