Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаттық бағдарламасы аясында «Халық өнері-асыл қазына» қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Оюдың ата-тегі – Қошқармүйіз» тақырыбында жастармен әңгіме-диалог өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілеремен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Ұлттық қолөнерді насихаттау, тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы қолөнердің маңыздылығын ұғындыру, ұрпақтан- ұрпаққа жеткен қолөнеріміздің қазіргі таңдағы қолдану аясын кеңейте отырып, жастардың қызығушылықтарын арттыру, жастарға ою - өрнек еріктілігін дамыту туралы толық мағлұмат беру; Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін білуге. ектің түр-түсін және аттарын ажырата білуге жаттықтыру, қошқар мүйізді оюды қағаздан бүктеп қиып үйрету, ою түрлерін олардың қай жерлерде қолданатынын үйрету.
Кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева
«Қолөнер-қазақтың қазынасы» тақырыбында кіріспе сөзбен ашып, кеш қонағын көпшілікке таныстырды. Әңгіме-диалогтың қонағы: «Халық өнері-асыл қазына» қолөнер қызығушылық клубының мүшесі Қарғабаева Шолпан Жүсіпқызы қатысты.
Негізгі бөлім «Ою-өрнек әлемі, түрлері, қолданылуы» тақырыбында кітапханашы оюдың шығу тарихы мен түрлеріне жеке-жеке тоқталып, түсінік беріп өтті. Әңгіме-диалогта сөз алған клуб мүшелері өз туындыларын таныстырып, кеңінен емен жарқын көпшілікпен әңгімелесіп, туындыларының жасалу әдісін, қыр-сырына тоқталып, «Қошқармүйіз» оюын қатысушылар Шолпан Жүсіпқызымен бірге ойып, өз жұмыстарына тәнті болды.
Кеште «Ою-өрнек – рухани өмірдің айнасы» атты ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ, «Қолөнер-сырлы өнер» тақырыбында қолөнершілердің бұйымдарынан ашық қарау, «Ою ойғанның ойы ұшқыр» слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/214-oyudy-ata-tegi-osh-arm-jiz-gime-dialog.html#sigFreeIde7dbf8b924