Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың «Білім орталығында» Әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туылғанына 110 жыл толуына орай «Дәуір перзенті - Бауыржан» әдеби-сазды кеш өтті.
Мақсаты: Қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі, өнегелі істерін насихаттай отырып, оқушылардың бойында Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Іс-шараға осы аталған мектеп – гимназиясының директоры Джигитекова Салтанат Рахметханқызы, тарих пәнінің мұғалімдері - Дюсбаев Халбай және Малдыбаев Нышанбек ағай, 6-9 сынып оқушылары қатысты.
Әдеби – сазды кеш үш бөлімді қамтыды. 1-бөлім «Өмірінің өзі дастан» деп аталады. Бұл бөлімде жазушыны өз көздерімен көргені, өмірі туралы қысқаша мәліметтер бере отырып, кеш қонақтары батырдың ғибратты, өнегелі еңбектерін, әңгімелеп жастарды ерлікке, батырлыққа, еңбектенуге, білімге шақырды.
«Сегіз қырлы бір сырлы» деп аталатын екінші бөлімде оқушылар әрқашанда отан үшін жанын қиған дара тұлғаның бойына бірнеше өнерді де қатар меңрегендігіне тоқталды.
«Батыр тұлғасын таныту» тақырыбында бөлімде батырға арнап жазған өлең шумақтарын Орынбасар Айгерім, Таңжарбаева Бақыт, Саятқызы мейірім мәнерлеп оқып берді. Ал, Көшкінбай Гүлназ, Орынбасар Айгерім, Ілесбек Нұрхат бірнеше ақын-жазушылармыздың батырға арналған туындыларын нақышына келтіріп айтты.
Сондай-ақ, «Дархан даланың данышпан ұлы» атты кітап көрмесіне оқу залының кітапханашысы Нүрипа Манабаева библиографиялық шолу жасап, көпшілікті кітап оқуға шақырды.
Іс- шараны Разбай Инсан, Іргебай Еркежан халық қаһарманы Бауыржан Момышұлыға арналған өз арнауларымен аяқтады.
Нәтижесінде: Аты аңызға айналған, данышпан батырымыздың өмірі, ерлігі, шығармалары толық насихатталды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/215-d-uir-perzenti-bauyrzhan-debi-sazdy-kesh.html#sigFreeId9dc2954cf7