«Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз» сұхбат-әңгіме
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен діни экстремизмге қарсы күрес барысында «Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз» тақырыбында Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназия шәкірттерінің қатысуымен сұхбат-әңгіме өтті.
Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс - деп, дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталар туралы діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру; жастарға заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру.
Кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева жүргізіп, діни экстремизм мен терроризмнің қауіп қатері, дәстүрлі емес діни ағымдар туралы түсініктер беріліп, кеш қонақтары таныстырылды. Кештің қонақтары: Аудан мешітінің имамы Амірбеков Ғарифолла қажы, Жамбыл облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Жуалы ауданы дін істер инспекторы Әбделиев Рамазан Маратбекұлы,Юрий Гагарин мектеп-лицейінің тарих, құқық, дінтану пәндерінің мұғалімі Ермаханов Бекжан Ермаханұлы, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің ұстазы Шыныбаева Индира Жақсылықбайқызы қатысты.
Аталмыш кеште «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп» тақырыбында экстремизімнің қауіп-қатері мен зардабы туралы түсініктер беріліп, дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіп-қатері кереғар діни ағымдардан сақтану, оның алдын алу бойынша, бүгінгі таңда болып жатқан мәселелер, жаңалықтар және дәстүрлі емес діни ағымдардың іс-әрекеттері туралы кеш қонақтары әңгіме өрбітіп, жастардың қойған сұрақтарына жауап қатып, кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға нақты мысалдармен жеткізді. Сұхбат-әңгімеде арнайы ұйымдастырылған «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева таныстырып, библиографиялық шолу жасап, жастарды кітап оқуға шақырды. Сондай-ақ, «Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/216-biz-terrorizm-men-ekstremizmge-arsymyz-s-khbat-gime.html#sigFreeId4c88e27cce