Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Елбасы - кемеңгер көшбасшысы» өнеге кеші

«Nur Otan» партиясы мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президент күніне орай «Елдігімізді сақтаған көшбасшысы»   өнеге кеші жастар арасында өтті.

Мақсаты: Жастарды Елбасы өмірбаянымен, еңбек жолымен, шығармаларымен,  жеткен жетістіктері және Елбасыға деген сүйіспеншілік сезімін ұялату, отан  сүйгіштікке тәрбиелеу. 

Іс-шараны оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, кеш қонақтары  –  кітапханамыздың тұрақты зейнеткер оқырмандары Қуатов Ералы және Абдімутанов Зікірия   атаны көпшілікке таныстырды.

Кітапханашы Ләйлә Есмурзаева Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өміріне тоқталса, қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақдана Құрымбаева  қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған игі істерін айтып өтті.

Өнеге кешінде қонақтар Елбасымыз туралы өнегелі әңгімелерімен бөлісіп, өздерінің басшы болған кездерін еске түсіре отырып, ел басқару оңай шаруа еместігін және  қазақ халқының ең қиын кездерінде билікті қолына алып, қандай қиын жағдайлар болсын  шыға білді. Елбасы есімі тарихта мәңгі қалады деп, жастарды еңбек етуге  шақырды.

 Кеш соңына «Елбасым асқақтатты аяулы елін» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, «Көш басында кемеңгер» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.