Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Аты аңызға айналған ана»

 «Аты аңызға айналған ана»

 

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық  әртісі Дина Нүрпейсоваға 160 жыл толуына орай «Аты аңызға айналған ана» атты сазды кеш  Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі және Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларының  қатысуымен  өтті.

 

Мақсаты: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу,  шығармаларын таныстыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту. Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сазды кешті  қызмет көрсету бөлінінің кітапханашысы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып, күйші Дина Нүрпейсованың  өмір дерегін таныстырып, СD дискі арқылы күйлерінен үзінді тыңдатылды. Сонымен қатар,  Ю.Гагарин орта мектебінің 10  сынып оқушылары А.Жақсылық, Темірхан Гауһар Дина апамыздың күйін шертіп, көпшіліктің көңілін көтерді.

 

Іс – шара барысында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева  кешке арнайы ұйымдастырылған «Қазақ өнерінің саңлағы Дина Нүрпейсова» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Сондай – ақ  «Дина Нүрпейісова –қазақтың ұлы күйшісі» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.

 

 

Мәліметті дайындаған:                                      А.Құрымбаева