Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың «Білім орталығында» Әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туылғанына 110 жыл толуына орай «Дәуір перзенті - Бауыржан» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға осы аталған мектеп – гимназиясының директоры Джигитекова Салтанат Рахметханқызы, тарих пәнінің мұғалімдері - Дюсбаев Халбай және Малдыбаев Нышанбек ағай, 6-9 сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында «Дархан даланың данышпан ұлы» атты кітап көрмесіне оқу залының кітапханашысы Нүрипа Манабаева библиографиялық шолу жасап, көпшілікті кітап оқуға шақырды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/224-d-uir-perzenti-bauyrzhan.html#sigFreeIda46f43d9fa