Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Мұқағали сырлы әлем»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен  Тәуелсіздіктің 30 жылдық қарсаңында, «Бір ел – бір кітап» акция аясында  ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай  «Мұқағали сырлы әлем» атты  поэзиялық оқу сағаты №1 орта мектебінің 7«А» сынып оқушылар  арасында өтті.

Кеш қонағы: №1 орта мектептің тәлімгері Кұрманалиева Зарина Исмағұлқызы қатысты.

Кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып, «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» тақырыбында ақынның өмірбаянын таныстырды. Сонымен қатар, «Жыр жүйрігі» тақырыбында  ақынның өлеңдерін Өріпбек Аяулым «Қарасаз», Темірхан Еркежан «Тағы да өкініш», Темірбек Нұртай «Әттең, әттең», Есберген Мейірім «Сәби болғым келеді», Әбдірасыл Динара «Сауда біз», Алтынбай Диара «Махабатым өзіме», Бақберген Айша «Кетермекен», Әбдіқадыр Маржан «Отаным саған айтам», Рақымбек Әсем «Бір күніммен қоштастым» атты жыр шумақтарын оқушылар мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды.  Кеш соңында «Қазақ поэзиясының Хантәңірі»,«Тәуелсіздік тұғырым» және биылғы жылғы «Бір ел-бір кітап» акциясына ұсынылған әдебиеттермен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева  таныстырып, шолу жасады. Поэзиялық оқу сағатында «Әр өлеңі бір әлем»   слайд көпшілік назарына ұсынылды.