Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ұлттың ұлы жазушысы»

 «Ұлттың ұлы жазушысы»

 

Аудандық орталық кітапханада  көркем әдеиеттерді насихаттау барысында жазушы, драматург  Бек Тоғысбаевқа 85 жас толуына орай «Ұлттың ұлы жазушысы» тақырыбында библиофреш инсталляция жасақталып №1 орта мектеп оқушыларына  таныстырылды.

Инсталляцияға жазушының портреті, өмірбаяны, көптомдық шығармалар жинағы қойылды. Шығарманың бірінші томында «Әкеден ұл туса» романы, Роман халқымыздың біртуар перзенттері М.Тынышпаев, Ораз Жандосовтардың жалын-отты жолдарынан там-тұмдап болса сыр шертеді. Һәм, Кеңестік кезеңнің келеңсіз кертартпа тұстарын ашық айта келе, солақай саясатшы Голощекиннің сиықсыз сиқын суреттеп, әшкере етеді. Сонымен қатар тарихтың ақтаңдақ беттерін қайта ақтаруға көп ықпал жасайды. Екінші томында «Өмір-өзен», «Қамауда» романы, таңдамалы 2 томдық шығармасы, «Әкең де ала болған» повестер мен әңгімелер жинағы, «Боз жорға» повестер мен әңгімелер жинағы қойылып, жиналған көпшілікке аталмыш шығармалар таныстырылып,шолу жасалды.