«Ауған соғысының ақиқаты»
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күніне орай «Ауған соғысының ақиқаты»тақырыбында Ауған ардагерлермен Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары арасында кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, жастарға түсіндіру.“Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы толығырақ мәлімет алу. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.
Кеш қонақтары: Жамбыл аудандық қаһарман ардагерлер кеңесінің төрғасы Әлжанов Ерғазы Ырысмаханұлы, Берікбосынов Ермек Бимбайұлы Шәлімбетов Батырхан Әбенұлы және Бауыржаг Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының химия пәнінің ұстазы Өмірзақова Гүлбану Тұрсынбекқызы қатысты.
Кездесу кешінде қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып, ардагерлерді құттықтады. Кешке мәдениет үйінің әншісі Қоқымбаев Ербол «Ауылым» әнін ардагерлер құрметіне тарту етті. Тағлымы мол кеште жастар тарапынан сұрақтар қойылып, ардагерлер қойылған сауалдарға жауап беріп отырды. Кеш соңында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева «Ауған соғысында от кешкендер» атты ашық қарауды таныстырып, шолу жасады. Аталмыш кешке «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды. Кездесу кешін аудандық орталық кітапхананың директоры А.Қалисаева қортындылап, кітапхана тарапынан ардагерлерге сыйлықтар тарту етті.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/227-au-an-so-ysyny-a-i-aty.html#sigFreeIdae5726c4c0