Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Еңбек елдің мұраты» жобасы аясында «Егін еңбек таңдайды» кездесу кеші

«Еңбек елдің мұраты» жобасы аясында «Егін еңбек таңдайды» кездесу кеші

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен  «Еңбек елдің мұраты» жобасы аясында «Егін еңбек таңдайды»   кездесу кеші кітапхана оқырмандары арасында өтті.

Мақсаты:  Жастарға бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге  баулу, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Іс-шараны оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева жүргізіп,  еңбек, ауыл шаруашылығы жайлы  қысқаша деректер  айтып,  кеш қонағы  «Қызыл диқан» өндірістік кооперативінің төрағасы Бегманов Нуритдин ағамен таныстырды.

Елдің еңсесін көтеретін игі бастаманың маңызын қоғамның әрбір мүшесі түсініп, әлеуметтік жаңғыртуға шамасы келгенше үлес қосса, ол өзі үшін де, еліміз үшін де тиімді. Кім не береді деп жалтақтағаннан, әркім қолынан келетін іспен айналысса, өмірі берекелі болатыны айқын деді.  Өзінің өндірістік кооперативі  бірнеше жыл бойы жұмыс жасап келе жатқандығын, ұжымының  механизаторлары, солардың ішіндегі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған Николай Ивкиннің еңбегінің зор екендігін атап, егін шаруашылығының қызығы мен қиындығын, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің түрлері жайлы, жұмыс  жасаймын деген адамға қолдау көп, тек ерінбесең болды,    еңбектеріңіз бағаланады  тек алға ұмтылсаңыз болғаны деп, көпшілікке жылы лебізін және көмек беруге әрдайым дайын екендігін айтты.

Кеш соңында,  оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева «Еңбек түбі береке» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.