Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана- барлығын жеңетін тіршіліктің бұлағы» атты қонақжай кеші жастара арсында өтті.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, жастарды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Іс-шара басында оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева жүргізіп, қонақтармен таныстырды. Кітапханамыздың тұрақты зейнеткер оқырмандары Михыбаева Лесхан және Шақшамбаева Мінайым
Кітапханашы кейінгі күнге қарай шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салып , неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгілендігі туралы тарихына тоқталса, Балар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Замира Хожамқұлова аналарымызға ән жолдап, Юрий Гагарин атындағы мектеп- лицейінің 9-11 сынып оқушылары Керімбек Тоғжан және Саршаева Альмиралар жыр-шумақтарын тарту етті.
Ал, аналарымыз тәрбиелік мағынада жастарға әңгімелерін, аналарды әрқашан құрметтеп, сыйлауға шақыра отырып, алғыстарын білдіріп, құттықтау сөздерін айтып, көтеріңкі көңіл – күймен қайтты.
«Аналар шуағы» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/231-8-nauryz-merekesine-oraj-ana-barly-yn-zhe-etin-tirshilikti-b-la-y-ona-zhaj-keshi.html#sigFreeId99e511d142