Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлы ақын, жырау, жыршы Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына орай оқырмандар арасында «Ұлы дала жыршысы» тақырыбында аудандық мәнерлеп оқу байқауы кітапхана оқырмандары арасында өтті.
Мақсаты: Жыршы Ж.Жабаевтың 175 жылдығын атап өту және сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың өмірі мен шығармашылығын, рухани бай мұрасын жастарға насихаттау;
Байқауды Мұқан Төлебаев атындығы балалар өнер мектебінің ұстаздары Жанатбек Бағдәулет және Жақсыбек Ерқанат «Адай» күйімен ашып беріп, оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева мен Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы З.Хожамқұлова жүргізіп отырды. Байқаудың әділ қазылар мүшелері : Аса ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Күзербаев Сәрсен, «Шұғыла –Радуга» газетінің тілшісі Жетпісбай Ақжігіт, Жамбыл ТВ телеарнасының тілшісі Алеханова Мухаббат Бахытқызы төрелік жасады.
Бүгінгі сайысқа 10-15 жас және 20-35 жас аралығындағы кітапхана оқырмандары қатысты. Байқау 3 бөлімнен тұрды,
1-бөлім: «Кітапхана және оқырман», таныстыру бөлімі;
2-бөлім: «Тыңда, дала, Жамбылды» ақынның өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу;
3-бөлім: «Әлем ақыны» Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру. Ал қазылар алқасы үміткерлерді төмендегі критерийлер бойынша бағалады. Дауыс ырғағы; орындау шеберлігі, сахна мәдениеті; Осы аталған үш кезең бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды . 10-15жас кітапхана оқырмандары І-орынға Маккам Дильназ Шайқорық орта мектебінің 9-сынып оқушыс, ІІ- орын Айшабибі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Айдаралиева Алина мен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Әубәкір Зәуре иеленсе, ІІІ- орынды Тамабек Алдияр Әбдірахман Әйтиев орта мектебінің 5сынып оқушысы және Қалқабай Сартбаев атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Бақытұлы Жанболат қанжығасына байлады. 20-35 жас аралығында І- орынды Антон Макаренко мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Найзабаева Айман Алпысханқызы, ІІ- орынды Юрий Гагарин атындағы мектеп – лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ботаева Гүлнұр Ордабекқызы, ІІІ- орынды Жондикова Гүлшат Өмірбайқызы иеленді.
Кезең аралығында М.Төлебаев атындығы балалар өнер мектебінің «Жігер» ансамбілінің орындауында «Ерке сылқым» күйі, Шайдана ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Байболова «Ащыбұлақ» әнін орындап берді.
Нәтижесінде: Жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдығы мерей тойы ұлықталып, шығармалары көпшілікке насихатталды.