Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақсаттық бағдарламасы бойынша «Архив-2025» жобасы аясында «Архив әлемдік тарихтың бір тұтас бөлшегі» тақырыпты кеш
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақсаттық бағдарламасы бойынша «Архив-2025» жобасы аясында «Архив әлемдік тарихтың бір тұтас бөлшегі» атты тақырыпты кеш жастар арасында өтті.
Кештің мақсаты: Жастарға мемлекеттік архивтің негізгі мақсаттарының бірі- тұрғындардың құжаттық-ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны заңдық күші бар және оның негізінде құжаттарды іздестіру деректерін көрсете отырып, сұраныстың мәні туралы құжаттық ақпаратты қамтитын архивтің ресми құжаты- архивтік анықтама беру.
Тақырыптық кештің қонағы: Жамыл аудандық мемлекеттік архивінің архивисі Төребаева Айнұр Дәулетбекқызы қатысты.
Кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып, кеш қонағын көпшілікке таныстырды. «Архив – мемлекет тарихын сақтаушы» бөлімінде аудандық мемлекеттік архивінің архивисі Айнұр Дәулетбекқызы архивтегі жалпы құжаттар бойынша мәлімдеме жасап, қорда қандай құжаттар қамтылғаны жөнінде баяндап берді.
Тақырыптық кешке «Архив – ел тарихының қазынасы» атты ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ, «Архив әлемдік тарихтың бір тұтас бөлшегі»»тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Нәтижесінде: Жиналған көпшілікке Архив жөнінде ақпараттар беріліп, архивтік құжаттардың сақталуынан хабардар болды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/233-elbasyny-ly-dalany-zheti-yry-ma-satty-ba-darlamasy-bojynsha-arkhiv-2025-zhobasy-ayasynda-arkhiv-lemdik-tarikhty-bir-t-tas-b-lshegi-ta-yrypty-kesh.html#sigFreeId8af0f4572b