Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ұлы Жібек жолы мен оның тарихи маңызы»

«Ұлы Жібек жолы мен оның тарихи маңызы»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақсаттық бағдарламасы аясында «Ұлы Жібек жолы» жобасы бойынша «Ұлы Жібек жолы мен оның тарихи маңызы» тақырыбында Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 9 «Б» сынып шәкірттерінің қатысуымен тарихи кеш өтті.

Мақсаты: Жастарға Ұлы Жібек жолының пайда болуы, таралу тарихына,тармақтарына шолу жасау, Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдары,Жібек жолы арқылы тасылған негізгі тауарлар, керуен жолының мәдениет пен діннің,сауданың кеңеюі, Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі туралы ақпарат беру.

Тарихи кештің қонақтары: Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Ережепбаев Сайлау,тарихшы, кітапхананың зейнеткер оқырманы Сапарбеков Алтынхан Мәдібекұлы, Күзербаев Сәрсен, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің сызу пәнінің ұстазы Муражанова Нурила Ділтайқызы қатысты.

Кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева жүргізіп, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына тоқталып,кеш қонақтарын көпшілікке таныстырды. Кеште кітапханашы «Ұлы Жібек жолының даму тарихы» бөлімінде ақпарат бере отырып, кеңінен мәліметтерге тоқталды. Тарихи кеш «Ұлы Жібек жолының қалыптасуы» бөліммен жалғасын тауып, тарих беттеріне көз жүгірте отырып, шолу жасалды.. Тағылымы мол кеште «Ұлы Жібек жолының тауарлары» бөлімінде қонақтарға сөз беріліп, тақырып бойынша әңгіме қозғалып, жастарға тарих бетінен көптеген мысалдар келтіре отырып, салыстырма түрде мағұматтарды баяндап берді.

Тарихи кеште «Ұлы Жібек жолы» ашық қарауды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева таныстырып, шолу жасады. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек жолы-ұлт тарихы»тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.